Жүк тасымалы және логистика жөніндегі өңірлік форум өтіп жатыр

Бүгін елордада жүк тасымалы және логистика жөніндегі өңірлік форум өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған шара халықаралық әуе жүктері қауымдастығының (TIACA) бастамасымен әрі Көлік министрлігі мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қолдауымен өтіп жатыр.

Іс-шараның ашылу салтанатында Көлік министрі Марат Қарабаев, Халықаралық әуе жүктері қауымдастығы (TIACA) төрағасы Стивен Полманс, TIACA бас директоры Глин Хьюз және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду жылы лебіздерін білдіріп, өңірлік форумның жұмысына сәттілік тіледі.

Silk Road in the Sky – Kazakhstan Cargo Hub форумы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға елеулі үлес қосуға бағытталған. Форум барысында жекелеген ұйымдар арасында келіссөздер жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша бірқатар әуежай (Астана, Қарағанды, Ақтөбе қалаларындағы әуежайлар) MNG Airlines, MSC Air Cargo SA, Coyne Airways Limited және Alpha Sky (Казахстан) (TBC) компанияларымен бірлескен құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ TIACA мен жергілікті әуежайлар (Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Орал әуежайлары) және SCAT әуе компаниясы арасында, сондай-ақ TIACA Халықаралық әуе жүктері қауымдастығы мен JARUS ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылады деп жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Форумға әлемнің 30 елінен 300-ден астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында жүк тасымалдау тізбегіне қатысатын әртүрлі ұйымдардың өкілдері бар. Атап айтқанда, жүк жөнелтушілер, экспедиторлар, жерде қызмет көрсету провайдерлері, әуежайларды, әуе компанияларын, өндірушілерді және ақпараттық технологияларды жеткізушілер. Форум шеңберіндегі сессия барысында сала мамандарына келесі бағыттар бойынша өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріледі: саланың нормативтік-құқықтық базасы, жүк тасымалдау саласының қазіргі жағдайына шолу, мультимодальдық логистика, әуе жүк тасымалының хабтары, инновациялары және цифрландыру мәселелері, электрондық коммерцияның мүмкіндіктері, жүк тасымалының тұрақты дамуы және тұрақты авиациялық отынға қатысты мәселелер (SAF).

Қазақстандық компаниялардың жаһандық қоғамдастықпен өзара іс-қимылы және озық технологияларды қолдану Орталық Азия елдерімен тауар айналымын 2,4 есеге, яғни 6,3 млрд-тан 15 млрд АҚШ долларына дейін, оның ішінде қазақстандық экспортты 560 млн АҚШ долларына ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Азаматтық авиация
Өзгелердің жаңалығы