Жүк тасымалдау тарифтері 4,4% өсті

Бір жыл ішінде жүк тасымалының тарифтері 4,4% өсті. Атап айтқанда, тауарды автомобиль көлігімен тасымалдау 2,8% қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бұл ретте халықаралық тасымал 2,3% қымбаттады, мұнда мұздатылған және салқындатылған өнімдерді тасымалдау тарифтері ең жоғары өсім көрсеткен (+28,7%). 

Жүкті республика ішінде (автокөлікпен) тасымалдау көрсеткіші 3,4% өскен.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау тарифтері 1,7%, оның ішінде халықаралық қатынаста – 2,3%, республика ішінде – 0,5% өсті.

Теңіз көлігімен жүк тасымалдау тарифі (халықаралық қатынас) 11,2% қымбаттады. Құбырмен тасымалдау тарифі болса, жылдық мәнде 2,7% қымбаттады.

Оның ішінде шикі мұнай тасымалы 8,1% жоғарылаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы