Жүк пойызы жиырмадан астам қойды басып кетті – Ақмола облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы аумағында жүк пойызы теміржолда жайылып жүрген ондаған малды басып кетті, деп хабарлады aikyn.kz.
Оқиға «ОП-96-Жайнақ» теміржол өткелінде болған. Жүк пойызының машинисі теміржолда малдың жайылып жүргенін байқап, тежегішті шұғыл басқанымен, тоқтап үлгермейді. 22 қой-ешкі өлген, ал пойыз 22 минут тоқтап тұруға мәжбүр болған.
Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол елорданың 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Мал иесі ҚР ӘҚК 559-бабы 1-тармағымен теміржол аумағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп мәлімдеді департаменттен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы