Қытайдан транзиттік жүктерді тасымалдауға уақытша тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР тарапынан шекаралық станцияларда бақылауды қатаңдату салдарынан ҚТЖ тиісті шаралар қабылдауға мәжбүр болды, деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС баспасөз қызметі.


Синьзянь-Ұйғыр автономиялық ауданының (ҚХР) мемлекеттік комиссиясы COVID-19 таралуын болдырмау үшін қытайлық тарапта жүктерді қабылдау және қайта тиеу кезінде бақылау шараларын қатаңдатты.

Комиссия шешімімен бақылаушы органдармен әрбір вагондағы жүктердің сынамасын алу рәсімі, міндетті түрде контейнерлерді зарарсыздандыру мен өңдеу енгізілді. Қаптардағы өлшенген астықты қабылдауға тыйым салу мәселесі қарастырылуда, өтйекні қазіргі кезде әрбір вагонды ғана емес, сонымен қатар әрбір қап тексерілуде.

Күнделікті коронавирусқа ПТР-тестен өту қажеттігімен байланысты жүктерді қайта тиеуде жүктеушілер саны кеміп кетті. Бұл ретте Қазақстаннан келген пойыздарды шекаралық бақылау уақыты артты.

Бұның барлығы жүктерді кең табанды вагондардан тар табанды вагондарға уақытылы қайта тиеуді қамтамасыз ете алмауға алып келді. Осы жылдың 15 қарашасынан Қазақстаннан келген пойыздарды қабылдау тәулігіне 15-16 пойыздан 10-11 пойызға дейін қысқарды, - делінген ақпаратта.
Осыған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша ҚХР бағытындағы тиелген вагондар (10 мың вагоннан астам) саны артса, қозғалыстан 6,5 мың вагон тоқтатылып қойылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ осы жылдың 23-інен бастап 30 қарашасына дейін Достық-Алашаңқай түйіспесі арқылы ҚХР бағытына жұмыркесек үшін жартылай вагондар мен контейнерлерден, биг-бэгтердегі жүктерден өзге жүктерді тиеуге тыйым салу шараларын қабылдады. Осы жылдың 24 қарашасынан 4 желтоқсан бойынша жүк контейнерлерінен өзге транзиттік жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Жағдай өзгерген кезде қабылданған шаралар алынып тасталады, - деп жазды баспасөз қызметі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы