Жүк көлігі жүргізушілеріне шамамен 100 млн теңге айыппұл салынды
Қазақстанда жүк көлігі жүргізушілеріне шамамен 100 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін хабарланғандай, еліміз бойынша Көлік министрлігінің бастамасымен «Назар аударыңыз, ауыр салмақты автокөлік» рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылып, оның барысында ауыр салмақты көліктердің, оның ішінде самосвалдардың қозғалысы бойынша бақылау күшейтілді
Ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк тасымалдауының алдын алу және бақылау бойынша шараның аралық қорытындылары туралы айта келе, айыппұлдардың басым бөлігі Маңғыстау, Ақтөбе және Жетісу облыстарында салынғанын атап өткен жөн. Осылайша, аталған рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде шамамен 100 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салумен 293 бұзушылық анықталған. Жалпы, акция басталғаннан бері көліктік бақылау инспекциялары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп 30 рет инспекция жасады.
Айта кетерлігі, ауыр жүк самосвалдарымен тасымалдау кезінде жол қозғалысы ережелерін және жүктерді тасымалдау ережелерін, оның ішінде автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақ өлшемін бұзуға жол беріледі.
Бүгінгі таңда еліміз бойынша барлығы 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген, оның ішінде 60 мыңнан астамы самосвалдар. Естеріңізге сала кетейік, ауыр жүк көліктеріне инертті материалдарды тасымалдауға рұқсат етілген норма 25 тоннаны құрайды.
Бейінді министрліктің 2015 жылғы 26 наурыздағы №342 бұйрығына сәйкес жүктерді тасымалдау кезінде белгіленген рұқсат етілген параметрлердің сақталуын қамтамасыз ету қажет.