“ЖСН ресейліктерге сатылып жатыр”. Мусин сыбысқа жауап берді

Астанада №59 сайлау учаскесіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келіп, дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері министрден «Еліміздің ЖСН (ИИН) нөмірлері ресейліктерге 10-15 мың рубльге сатылып жатыр. Сіздер бақылауда ұстап отырсыздар ма?» деп сұрады.

Ресейліктер ЖСН алғысы келсе, өздерінің елшіліктерінің жанынан ашылған арнайы ұйымға жүгінеді. Олар соның ішінен қазақстандық ЖСН-ге қол жеткізе алады. ЖСН-ды әрбір Еуразиялық Одақ елінің азаматтары ала алады. Мүмкін сіздер айтқан адамдар сенімхат арқылы алып жатқан болар. Меніңше, қатты тұрақсыздық туғызып жатқан жоқ. Жалпы, біздің бірінші мақсатымыз азаматтарға қызмет көрсету, – деп жауап берді ведомства басшысы.

Сондай-ақ Мусин ЖСН Африка елінен келген азамат болса да Қазақстанның ЖСН нөмірін алуға құқығы барын айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы