26 Тамыз 2026, 18:37 Фото: Партияның баспасөз қызметі

ЖСДП Құрылтайға кіретін 8 депутаттың есімін атады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Құрылтайдың жаңа құрамында жұмыс істейтін сегіз өкілінің тізімін жариялады. 

Партияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, ЖСДП Саяси кеңесі Президиумының отырысында партия атынан Құрылтайға кіретін кандидаттардың тізімі бірауыздан қолдау тапқан.

ЖСДП атынан Құрылтай құрамына сегіз кандидат кіреді

1. Асхат Рақымжанов - ЖСДП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Социалистік интернационал халықаралық ұйымының вице-президенті;

2. Мақсұт Насибұлов - ЖСДП Орталық аппаратының басшысы;

3. Нұрайнаш Қамалова - ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрағасы;

4. Лариса Ли - «PANA» жобасының жетекшісі;

5. Аслан Құлмағамбетов - ЖСДП Астана қалалық филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы;

6. Арман Ақылбай - ҚР Әділет министрлігі Персоналмен жұмыс департаментінің директоры;

7. Наурыз Сайлаубай - ЖСДП Жастар қанатының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты;

8. Ажар Сағандықова - ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, ЖСДП Әйелдер қанатының жетекшісі.

ЖСДП өз сайлаушыларына білдірген сенімі үшін алғыс айтады. Партия Қазақстан азаматтарының мүдделерін Құрылтайда одан әрі қорғауға және әлеуметтік-демократиялық бағыттағы бастамаларын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге дайын, - делінген баспасөз хабарламасында.