8 Шілде 2026, 11:01 Фото: ©BAQ.KZ/Аида Батухан

ЖСДП Құрылтай сайлауына 33 кандидат ұсынды

Олардың қатарында өңірлік филиалдардың төрағалары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, жастар және әйелдер қанатының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен үкіметтік емес сектор мүшелері бар.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Астанада өткен кезектен тыс XXV съезінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауына қатысатын кандидаттардың партиялық тізімін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Партия төрағасы Асхат Рахымжановтың айтуынша, тізімге өңірлік филиалдардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары, сарапшылар, партияның жастар және әйелдер қанатының мүшелері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен құқық қорғаушылар енгізілген.

Бүгін біз халықтың сенімін ақтайтын азаматтарды ұсынуымыз керек. Бұл тізімдегі адамдар – жай ғана есімдер емес. Олар Қазақстандағы социал-демократиялық идеялардың өміршеңдігін нақты істерімен дәлелдеген азаматтар, – деді Асхат Рахымжанов.

Оның айтуынша, кандидаттар елдің әр өңірінен іріктелген және түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар.

Олардың әрқайсысы өңірлерде жұмыс істеп, халықпен тікелей байланыста болды. Сондықтан бұл азаматтар нақты істері арқылы өздерін дәлелдеген тұлғалар, – деді партия төрағасы.

ЖСДП бекіткен партиялық тізімге барлығы 33 кандидат енді. Олардың қатарында өңірлік филиалдардың төрағалары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, жастар және әйелдер қанатының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен үкіметтік емес сектор мүшелері бар.

ЖСДП-ның Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімі:

  1. Анаргүл Әбенова – Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы.

  2. Аружан Әленова – Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы.

  3. Ару Алшынбай – Ақмола облыстық филиалы әйелдер қанатының жетекшісі.

  4. Максим Андрюшин – партия төрағасының кеңесшісі.

  5. Арман Ақылбай – партия мүшесі.

  6. Нұрлан Аубакиров – Қарағанды облыстық филиалының төрағасы.

  7. Раушан Аубакирова – елордалық филиалдың әйелдер қанатының жетекшісі.

  8. Нұрлан Әуесбаев – ЖСДП президиумының мүшесі, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.

  9. Еркін Әбдиев – Жамбыл облыстық филиалы жастар қанатының жетекшісі.

  10. Қамбар Байекенов – Алматы облыстық филиалының мүшесі.

  11. Сапарбай Бұғабаев – Түркістан облыстық филиалының төрағасы.

  12. Ержан Дәуренбеков – Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.

  13. Дамир Жақанов – Қостанай облыстық филиалының төрағасы.

  14. Роза Жүсіпова – Павлодар облыстық филиалының төрайымы.

  15. Нұрлан Жабаев – ЖСДП Орталық аппаратының атқарушы хатшысы.

  16. Ілияс Жанғали – Ақмола облыстық филиалының төрағасы.

  17. Виктор Калгин – Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.

  18. Нұрайнаш Камалова – Атырау облыстық филиалының төрайымы.

  19. Аслан Құлмағамбетов – ЖСДП елордалық филиалының сарапшысы.

  20. Анар Құсайынова – партия мүшесі.

  21. Лариса Ли – PANA партиялық жобасының жетекшісі.

  22. Жасұлан Мұқаманов – Жетісу облыстық филиалының төрағасы.

  23. Сәкен Мыңбаев – Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы.

  24. Мақсұт Насибулов – ЖСДП Орталық аппаратының басшысы, жастар қанатының төрағасы.

  25. Нұрия Балтабайқызы – AUTISM KAZAKHSTAN ұлттық қауымдастығының төрайымы.

  26. Қуандық Нұржау – Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы.

  27. Нұрым Нұрлыбеков – Алматы облыстық филиалының төрағасы.

  28. Асхат Рахымжанов – ЖСДП төрағасы, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.

  29. Ажар Сағандықова – ЖСДП президиумының мүшесі, әйелдер қанатының жетекшісі, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.

  30. Наурыз Сайлаубай – ЖСДП президиумының мүшесі, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.

  31. Тазабек Самбетбай – партия төрағасының идеология жөніндегі орынбасары.

  32. Рүстем Сарманов – Абай облыстық филиалының төрағасы.

  33. Талғат Тәтиков – елордалық филиалдың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және МИБ мәселелері жөніндегі сарапшысы.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, ЖСДП Құрылтай сайлауына арналған бағдарламасын таныстырған еді.