ЖСДП мәслихат депутаттығына сайлауалды науқанының қорытындысын жариялады
Сайлау науқаны кезінде партия ел бойынша 235 іс-шара ұйымдастырып, оған барлығы 2,3 млн адам қатынасты.
ЖСДП мәслихат депутаттығына кандидаттарының сайлауалды науқан аясында атқарған жұмыстарының қорытындысын жариялады. Бүгінгі күнге дейін партия облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде барлығы 235 іс-шара өткізді. Кандидаттармен тікелей 7 545 адам кездессе, әлеуметтік желілердегі онлайн-контентткешамамен 2,3 млн қолданушы қатысқан.
Науқанның негізгі басымдығы – халықпен тікелей жүздесу және ашық диалог орнату. Өткізілген 235 іс-шараның 93-і тікелей сайлаушылармен кездесулерге бағытталды. Оның ішінде еңбек ұжымдарымен – 35, ауыл тұрғындары және аудан орталықтарында тұрып жатқан азаматтармен – 27, денсаулық сақтау саласының өкілдерімен – 15, ауыл шаруашылығы саласындақызмет атқарып жатқан ұжымдармен – 12, спорт саласы бойынша ұжымдармен – 4 кездесу өтті.Сонымен қатар 11 түрлі қоғамға пайдалы акция ұйымдастырылды. Олардың қатарында сенбіліктер, ағаш отырғызу шаралары және туризм саласының өкілдерімен кездесулер бар.
Кандидаттар цифрлық форматта да белсенді жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, әлеуметтік желілерде рилстер мен челлендждерді қамтыған 70 онлайн-іс-шара өткізілді. Бүгінде әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың жалпы қамту көрсеткіші 2,3 млн адамға жеткен.
Өткізілген іс-шараларды деңгейлер бойынша 140 облыстық, 68 қалалық және 27 аудандық деңгейде ұйымдастырылды. Партия осы уақытқа дейін үгіт-насихат және баспа материалдарының 22 820 данасын шығарып халыққа таратып, түрлі платформаларда ұсынды. Атап айтқанда, 7 LED-экран, 10 билборд, 2 сити-бокс, 1 брендмауэр, 1 950 плакат, 1 000 брошюра, 3 500 парақша, 6 000 буклет, 150 дана мерч өнімдері. Барлығы – 12 620 дана.
Ал бірмандатты округтер бойынша – 10 200 дана өнім өндіріске жіберілді: Мысалы; 6 600 плакат, 1 000 парақша, 2 600 буклет. Бұдан бөлек, үгіт материалдарын тұрғындарға тікелей таратуға арналған 61 акция өткізілді.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша ең белсенді кандидаттар қатарында Иван Лавриненко, Шыңғысхан Дүйсенбек, Анель Ертаева, Абдиманап Джумадилдаев, Жасұлан Мұқаманов және Александр Павлов аталды. Ал сайлаушылар арасында ең танымал кандидат ретінде Сәкен Мыңбаев танылды.