ЖСДП Amanat ұсынысын қолдамады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы «Amanat» партиясының меморандум жасасу ұсынысына «заңды ұстаныңыздар, сол кезде ешқандай меморандумдарға мұқтаж болмайсыздар» деп әлеуметтік желіде жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз секілді оппозициялық партия үшін билікке жақын партиялармен одақ әрі блок құру – өрескел дүние.

Болашақта да ондай қадамға бармаймыз. ЖСДП сайлауға ашық түрде қатысуда әрі жеңіске үмітті, – деді Нұрлан Әуесбаев видеоүндеуде.

Ол «Amanat» партиясының ұсынысын ашық популизм деп атап, сайлауға қатысу ережелері, сондай-ақ оны бұзуға қатысты жауапкершілік заңдарда анық көрсетілгенін атады.

Билік партиясына айтарымыз – заңды ұстаныңыздар, сол кезде ешқандай меморандумдарға мұқтаж болмайсыздар. Осы себепті адал әрі ашық түрде мәлімдейміз – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы билікпен ауыз жаласпайды, – деді партия мүшесі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы