Жойқын жер сілкінісі салдарынан Жапонияны цунами басуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Үкіметі биіктігі 1 метрге жететін цунамиден қорғау мақсатында 7 мыңға жуық жергілікті тұрғынды эвакуациялайды.
The Japan Times хабарлауынша, Жапонияның Мияги елді мекенінде магнитудасы 7,2-ні құраған жер сілкінісі болды. Салдарынан елді цунами басты.
Белгілі болғандай, жер сілкінісінің ошағы теңіз жағалауынан 60 шақырым тереңдікте болған. Ал цунамидің биіктігі 1 метрге жеткен.
Үкімет жеті мыңға жуық адамды эвакуациялай бастады.
Цунамиге байланысты Ватари қаласының басшылығы 2527 үй мен 6911 тұрғынды эвакуациялау жөнінде бұйрық шығарды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар теңізге жақын жатқан тұрғындарға биіктеу жерге көшу жөнінде ескерту жасалды.
Жер сілкінісінің дүмпулері Жапонияның Кесонума, Томи, Курихара, Ишиномаки, Осака, Сендай, Сенан аудандарында сезілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тараз тұрғындарына 90 пәтердің кілті табысталды
Өзгелердің жаңалығы