Жойқын торнадо коронавирус шыққан Ухань қаласын қиратып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың орталық және шығыс бөлігін жойқын торнадо жайпап өтті. Табиғи апат салдарынан кемінде 12 адам көз жұмып, 367 адам зардап шекті.
Бұл туралы Global Times хабарлады.
Жұма күні кешке Қытайдың орталығындағы Уханьда және Қытайдың шығысындағы Сучжоуда болған екі торнадо салдарынан 12 адам опат болды.
Белгілі болғандай, торнадо Сучжоу қаласының Шэнцзе қаласына жұма күні сағат 19:00 шамасында басталған. Тағы бір торнадо Қытайдың орталығындағы Хубэй провинциясының астанасы Уханьнің екі ауданын басып өткен.
9-категориялы торнадо жұма күні 20:39 шамасында болған. Соның салдарынан желдің жылдамдығы секундына 23,9 метрге жеткен. Сенбі күні таңғы 04:00-де табиғи апат салдарынан 85 үйдің қирағаны анықталды. Бұдан бөлек, 400 үй, екі мұнаралы кран және 8 мың шаршы метрлі уақытша тұрақ қирап қалған.
Хубэй провинциясының вице-губернаторы мен Ухань қаласының мэрі оқиғаға орнына барып, зардап шеккендерге көмек көрсету шараларын бақылауға алды.
Сенбі күні сағат 14:15-тегі жағдай бойынша Уханьнің халықаралық Тяньхэ әуежайында ауа райының нашарлауына байланысты 87 рейс кешіктіріліп, 123 рейс ұшпай қалды.
Бұдан бөлек елдің бірқатар жерінде қатты жауын-шашын болады деп күтілуде.