Жосықсыз баға. «Яндекс.Такси» қызметі тергеліп жатыр

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда Яндекс.Такси қызметіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Екі тергеу ісі басталған еді, оның біреуі тоқтатылды. Сонымен қатар, тергеу аясында сот процесі қатар жүріп жатыр. Бірінші тергеу шарасы компанияның қызметін асыра пайдалануына байланысты, яғни клиенттерге қызметті жөн-жосықсыз ұсыну. Екінші тергеу амалы бағаны қолдан көтеру фактісі бойынша жүріп жатыр. Алғашқы факт бойынша тергеу шарасы тоқтатылды. Ал, бағаны көтеру бойынша сот процесі жалғасып жатыр, - деді Болат Сәмбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде заңды түрде жұмыс істеп жүрген ресейліктердің санын айтты.

Бүгінгі таңда 22 мыңнан аса ресейлік міндетті зейнетақы жарнасын аударып жүр. Олар жергілікті атқарушы органдардан еңбек етуге рұқсат алған, - деді Тамара Дүйсенова Үкіметтің жалпы отырысынан соң.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы