ЖОО-ның КЕАҚ-қа көшуі ондағы қызметкерлерге әсер етпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЖОО-ны басқару заңнамаға және ЖОО жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
government.kz порталының мәліметіне сәйкес, ЖОО-дағы басқару органдары олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарай бақылау кеңестері немесе директорлар кеңестері, немесе құрылуы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де басқару органдары.
Тиісінше, заңнама жоғары оқу орындарын басқару органдарының түрлерін таңдауда шектемейді. 25 мемлекеттік ЖОО 100% мемлекеттің қатысуымен КЕАҚ болып қайта құрылды. КЕАҚ — өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс алуды көздемейтін және алынған таза табысты бөлуді жүзеге асырмайтын коммерциялық емес ұйым. Барлық алынған табыс жоғары оқу орнын дамытуға, атап айтқанда зертханалық базаны жабдықтауға; оқытушылардың жалақысын арттыруға; жоғары оқу орнының инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады.
Мемлекеттің 100% қатысуымен істейтін барлық жоғары оқу орындарында директорлар кеңестері құрылған, құрылымы мен штат саны бекітілген.
Жоғары оқу орындарының КЕАҚ-қа көшуі жоғары білім берудің барлық жүйесін дамытудағы жаңа кезең. Жоғары оқу орындарының КЕАҚ-қа көшуі басшылық құрамды қоспағанда, жоғары оқу орны мен қызметкерлердің еңбек қатынастарына әсер етпейді.