Жөндеуге жабылған Ақтөбе әуежайын комиссия тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақтөбеге «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Линда Монро, Азаматтық авиациа комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған комиссия келді. Комиссия мүшелері Ақтөбе халықаралық әуежайының ұшып-қону жолағын қарап шықты. 

Нысанды қарау кезінде жөндеуді қажет ететін жерлер анықталды. Қолданылатын технологиялар мен материалдар талқыланды. Барлығын қысқа мерзімде толықтай жөндейтін боламыз. Содан кейін әуежай жұмысын қайта бастайды. Облыс әкімдігі, авиациалық әкімшілік және Азаматтық авиация комитеті басшылығы арасында тиісті келісімге қол жеткізілді, – деді облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы. 

Айта кетейік, бұған дейін Әлия Молдағұлова әуежайының жұмысын уақытша тоқтатқаны туралы хабарланған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы