«Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлерін анықтау үшін дауыс беру басталды

«Жомарт жүрек» республикалық байқауына қатысушыларға онлайн дауыс беру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім етті.

«Жомарт жүрек» – қайырымдылық саласындағы меценаттар мен филантроптар арасындағы жыл сайынғы республикалық байқау. Бұл сыйлық елдегі қайырымдылық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан ұйымдары мен азаматтарын анықтауға, оларды көтермелеуге бағытталған.

Байқау 5 номинация бойынша өтеді:

- «Жыл тұлғасы»;

- «Жыл меценаты»;

- «Туған өлке»;

- «Жылдың үздік ұйымы»;

- «Жылдың үздік қамқоршысы».

Онлайн дауыс беру кезеңі jomartjurek.ruh.kz сайтында 28 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтеді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 50 лауреат (10 жеңімпаздан 5 номинация) «Жомарт жүрек» республикалық қайырымдылық сыйлығының лауреаты атағына ие болады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Республика күнін мерекелеу қарсаңында өтеді.

Байқауды «Қазақстан қоғамдық даму институты» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы