Жомарт Тоқаев Словенияға қарсы ойын жайлы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футзалдан ұлттық құрама ойыншысы Жомарт Тоқаев Еуропа чемпионаты аясындағы Словенияға қарсы өткен матчқа қатысты пікір білдірді.

Ассаламалейкум, қазақ елі. Бүгінгі ойын туралы айтатын болсақ, білесіздер, біздің құрама дәл қазір толық құрамда емес. Ауырып жатқан, жарақат алған жігіттер бар. Дегенмен, соған қарамастан бар күшімізді салып, ойынды тең аяқтадық. Аллаға шүкір, турнирде соққан алғашқы голымды барша қазақстандықтарға арнаймын, - деді  Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, кеше футзалдан Қазақстан құрамасы Словенияға қарсы матч өткізіп, ойын 4:4 есебімен тең аяқталды.

Бұдан бөлек Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака кездесуге қатыса алмады.

Енді төрт күннен кейін құрама ойыншылары Финляндиямен бақ сынасады.  Сондай-ақ  28 қаңтар күні  Италиямен кездеседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы