Жолманова екі айға қамауға алынды

Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолманова екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы әлеуметтік желіде адвокат Мұрат Адам жазды.

Алматы қаласының тергеу соты бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстауға рұқсат берді, - деп жазды адвокат.

Еске салсақ, 9 қазанда Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолманова ұсталған еді. Светлана Жолманова  алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Экс-судья ұсталғаннан кейін тергеу амалдарын жүргізу үшін Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/zholmanova.svetlana
Өзгелердің жаңалығы