Жолдың қарсы бетіне шығатын жүргізушілер куәлігінен айырылады
Екі жолақты жолда қарсы бағытқа шыққандар 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы qazaqstantv телеграм каналында хабарланды.
«Алдында келе жатқан көлікті басып озуға болмайды» деген арнайы белгі бар жерден қарсы бағытқа өткендерге осындай жаза қолданылады.
Сондай-ақ арнайы жолақпен тек қоғамдық көліктер ғана емес, салмағы 5 тоннадан асатын автобустардың да жүруіне рұқсат етілді.
Жол қозғалысы ережелеріне қатысты өзгерістер 6 мамырдан бастап күшіне енеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы