Жолды кесіп өтпек болған алматылық апаттан көз жұмды
12 қараша күні таңертең Алматыдағы Сайын көшесінде 28 жастағы жігіт жол апатының құрбаны болды. Ол Жандосов көшесінің қиылысында тоннелдің жанындағы көшені кесіп өткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Таңғы сағат 5 шамасында Chevrolet Nexia көлігі Сайын көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші Жандосов көшесінің қиылысындағы тоннелден енді ғана шыққанда, оның алдынан күтпеген жерден жас жігіт шыққан. Жүргізуші адамды қағып кетпеуге тырысқанымен, бетон қоршау оған кедергі жасап жігітті қаққан. Қатты соққыдан жүргінші жолдан бірнеше метрге ұшып кеткен және алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.
Куәгерлердің айтуынша, жігіт жолды жерүсті өткеліне жетпей, рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атыраудың бұрынғы әкімі екі айға қамауға алынды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы