Жолдаудан кейін тұрғын үйдің "шекті сомасы" өзгеруі тиіс - экономист
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің қоғам үшін тұрғын үй мәселесі өзекті. Сондықтан Үкімет жыл басында жариялаған "шекті соманың" деңгейін төмендетуі керек, дейді экономист Мақсат Халық.
Ақпан айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бірнеше категорияны атаған еді. Енді Жолдаудан кейін осы механизмдер өзгеретін шығар деп отыр, "Хабар 24" арнасында пікір білдірген сарапшы.
Егер ол талаптар бойынша қарасақ, 113 мың адам ғана ала алады екен ақшасын. Ал онда Президентіміз 700 мың деген санды берген болса, демек, шекті соманы тағы түсірді деген сөз, менің ойымша. Бірақ, оның бүге-шігесі қалай болады, қандай тетіктері, механизмі болады, ол әлі жария етілген жоқ, - дейді Мақсат Халық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Былтыр ақылы жолдардан бюджетке 5 млрд теңге түскен
Өзгелердің жаңалығы