Жолдауда Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарының тұжырымдамасы белгіленді – Шәукенова

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академигі Зарема Шәукенова Президенттің Жолдауына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаңа экономикалық үлгіге көшудің стратегиялық міндетін қойып, оның негізгі ерекшеліктерін атап өтті, сондай-ақ салалық және функционалдық сипаттағы осы үлгіні іске асырудың негізгі бағыттарын белгілеп берді.

Бұл үлгінің басымдықтары - әділеттілік, инклюзивтілік және прагматизм, ал басты мақсат – азаматтардың өмірін жақсарту. Мемлекеттің жаңа экономикалық бағыты азық-түлік өндірісін, өнеркәсіптік өнімдердің көптеген түрін, энергетика, цифрлық технологиялар және т.б. өзін-өзі қамтамасыз етуді, сондай-ақ «елдің мықты өнеркәсіптік негізін» құруды көздеуі керек, - деді академик.

Шәукенованың пікірінше, жаңа экономикалық үлгінің негізгі саласы қазіргі уақытта әзірленіп жатқан бірқатар шара негізінде жедел дамуды талап ететін өңдеу өнеркәсібі болуы тиіс. Оның ішінде-шетелдік инвесторларды тарту, салықтық жеңілдіктер (салықтардан және жаңа өндірістердің өзге де төлемдерінен үш жылға босату), негізгі салалардағы маңызды жобаларды кешенді қолдау, өнеркәсіпті әртүрлі салалардан қаржыландырумен қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары бар және жедел даму үшін – металдарды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар өндірісі сияқты өңдеу өнеркәсібінің неғұрлым перспективалы салаларын атады. Жаңа өнеркәсіптік саясатты іске асыру үшін бірқатар негізгі салалар мен жоғары деңгейдегі өндірістерде тұйық циклды қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс, - деді ол.

Сонымен қатар экономикалық өсімнің жаңа көзі ретінде өңдеу өнеркәсібінен басқа, агроөнеркәсіптік сектор, энергетика, сонымен қатар 2026 жылға дейін 1 млрд АҚШ доллар көлемінде өнім экспортына шығудың үлкен міндеті қойылған IT-саласы, креативті индустрия жедел дамуға ие болады. Президент Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің ресурстық базасын қамтамасыз етіп, қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық қызметтің негізгі түрі болып келген геологиялық барлауды жандандырудың аса маңызды мәселесіне ерекше назар аударды.

Зарема Шәукенова атап өткендей, тау-кен секторын басқару жүйесін жаңғырту және 2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерделеу алаңын ағымдағы бір жарым миллионнан 2 миллион 200 мың шаршы шақырымға дейін күрт ұлғайту негізінде минералды - шикізат базасын толықтыру міндеті қойылды. Бұл шаралар Қазақстандағы экономикалық өсімнің негізгі факторларының бірі ретінде өндіруші сектордың дәстүрлі рөлін сақтауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы жаңа экономикалық бағыттың салалық аспектілерімен қатар, ақша-несие, салық, бюджет және басқа да экономикалық саясаттың негізгі бағыттарында болатын алдағы реформаларға егжей-тегжейлі тоқталды. Олардың ең маңыздылары мемлекеттік активтерді жекешелендіру курсын жалғастыру; республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге ҚҚС қоса алғанда салық шегерімдерінің қомақты сомасын аудара отырып, бюджетаралық қатынастарды реформалау; салықты оңтайландыру; экономиканың басым жобаларын әзірлеуді қаржыландыру үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдалану, - деп атап өтті ол Жолдау жайлы.

Академик осы Жолдауда Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарының тұжырымдамасы мен негізгі элементтері белгіленіп қана қоймай, оның мазмұны нақтыланып, қазіргі тұрақсыздық жағдайында ұлттық экономиканы әртараптандыру мен оны жаңғыртуға бағытталған аталмыш бағдарды іске асырудың кешенді шаралары ұсынылғанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Baq.kz мұрағаты
Өзгелердің жаңалығы