Жолдау дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру стратегиясына бағытталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Лидия Пархомчик Мемлекет басшысының күні кеше халыққа арнаған Жолдауына қатысты пікір білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған екінші Жолдауын қыркүйек айының басында дәстүрлі түрде жариялап, алдағы жылға елді дамыту жөніндегі негізгі мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдады. Коронавирустық дағдарыс жаңа шындықты қалыптастырды. Сондықтан, Мемлекет басшысының Жолдауы дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру стратегиясына бағытталған. 2019 жылы Жолдаудың бағыттарын іске асыру үшін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген өзгерістерді есептемегенде, 17 заңды, Президенттің төрт Жарлығын және Үкіметтің 16 қаулысын бекіту қажет болды. 2020 жылы Жолдаудың тапсырмаларын іске асыру жөніндегі алға қойылған міндеттер ауқымы былтырғыдан кем емес, - деді ол.
Лидия Пархомчик Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың маңыздылығына ерекше назар аударғанын атап өтті. Оның айтуынша, мәжбүрлі карантин мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін көптеген проблеманы ашты. Тиісінше, қолданыстағы заңнамалық нормалардың шамадан тыс нақтылануы жергілікті жерлердегі басшыларды «бастама құқығынан» айырады. Бірінші кезектегі міндет – жүйенің «баяулауын» жою.
Көпиндикаторлы мемлекеттік бағдарламалардан қысқа ұлттық жобаларға көшу нәтижеге бағдар ұстауды бекітіп қана қоймай, Үкімет пен жеке сектор жұмысында синергияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осындай күрделі міндеттерді нақты стратегиялық көзқарассыз жүзеге асыру мүмкін емес. Осыған байланысты Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікті құру проблемаға жүйелі деңгейде қарауға мүмкіндік береді. Квазимемлекеттік сектор да жаңа жағдайларға бейімделуі тиіс. Ұлттық компаниялардың корпоративтік басқару процестерінің шамадан тыс бюрократизациясы олардың негізгі функцияларын тиімді орындауына мүмкіндік бермейді. Жалпы, Президент Жолдауы экономикалық және әлеуметтік жаңғырту процесі мемлекеттік басқару жүйесін реформалаусыз мүмкін емесін көрсетеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі тезистері алдағы өзгерістердің баламасыздығын айқындап берді, - деді сарапшы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы