Жолдау-2024: Бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе құрылады

"Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды". Президенттің бұл тапсырмасының шешілу жолдарын BAQ.KZ тілшісі денсаулық сақтау министрлігінен сұрап білді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, қазіргі таңда медицина саласында ондаған ақпараттық жүйе бар. Олардың бір-бірімен интеграцияланбауы дертіне дауа іздеген азаматтардың ұзын-сонар кезектерде тұрып, қажетті қызметін алу үшін бірнеше мәрте тексеруден өтуге мәжбүр етеді. 

Сондай-ақ дәрігерлердің адам емдеудің орнына қағаз толтырумен уақыты өтеді. Президенттің тапсырмасына сай бұл проблема енді түбегейлі шешілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы