Жолдау-2021. Мемлекет суды үнемдеуге көшеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында мәлім етті.
Оның айтуынша, Үкімет су пайдалануды реттеу және үнемдеу технологиясын әзірлеп, оны үнемі ынтыландыруы қажет. Ауылдық жерлер толығымен тіршілік нәрімен қамтамасыз етілуі керек.
БҰҰ ұйымы алдағы 10 жылдың ішінде су тапшылығы болуы мүмкін екенін болжауда. 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан жаңа технологияларды қолданумен қатар цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл - аса маңызды міндет. Үкімет суды пайдалануды реттеу, үнемдеу технологиясын енгізу шешімдерін әзірлеуі тиіс, - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ол алдағы жылдарда су тапшылығы келе жатқанын ескертті. Осы мәселеге орай еліміздің батыс өңірлері мен басқа да суға тапшы аймақтарды толықтай ауызсумен қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды.
Су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды 126 су құбырын қайта жаңғыртуға кірісеміз. Атап айтар болсақ, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында жаңа 9 су қоймасы салынады. Бұл - ауқымды жоба. Қолымызда қажет ресурс бар. Атырау мен Маңғыстау облыстарының аудандарын ауызсумен қамту үшін Астрахань-Маңғыстау су құбыры жаңғыртылады және Кендірлі кентінде су тұщытатын зауыт салынады, - деді Президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев қандай азаматтар қызметінен кетуі керегін айтты
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы