Жолдасбек Құрманқұловтың 75-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді

29 наурызда Жолдасбек Құрманқұловтың 75-жылдығына арналған «ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРДАҒЫ ШЫҒЫС АРАЛ МАҢЫ» атты дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың 29 наурыз күні Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының конференция залында Жолдасбек Құрманқұловтың 75-жылдығына арналған «ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРДАҒЫ ШЫҒЫС АРАЛ МАҢЫ» атты гибридті форматта дөңгелек үстел өтеді.

Шара барысында Жолдасбек Құрманқұловтың ғылыми зерттеулерінің Отандық және әлемдік археология ғылымына қосқан үлесі көрсетіледі және Қазақ даласының тарихи-мәдени мұраларын зерттеудегі өлшеусіз үлесі насихатталады. Сондай-ақ шарада Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихы археологиялық деректер негізінде талқыланады.

Ж. Құрманқұлов – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х. Марғұлан негізін қалаған, кейіннен М.Қ. Қадырбаев, С.М. Ақынжанов басқарған Орталық Қазақстан (1984) және Шірік Рабат (2004) археологиялық экспедицияларының жетекшісі. 

Іс-шара барысында Арал маңындағы ежелгі және ерте ортағасыр ескерткіштерінде соңғы жылдардағы зерттеулерден алынған археологиялық деректер жан-жақты талқыланады.

Ежелгі өркениеттерді қалыптастырған Түгіскен, Ұйғарақ, Шірік-рабат, Бәбіш-мола, Жетіасар және ортағасырлық Жанкент, Қыш қала сияқты ірі ескерткіштерде археологиялық кешенді зерттей отырып, аймақтың Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі рөлін айқындау және насихаттау.

Сонымен қатар іс-шара барысында археологиялық ескерткіштерінде далалық қазба жұмыстарын жүргізу, мониторинг және сараптама жасау, т.б. Арал маңы археологиясының өзекті мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. 

Дөңгелек үстел жұмысына Отандық, Ресей және Өзбекстанның танымал археолог ғалымдары, Еліміздің жетекші оқу орындары мен музей қызметкерлері және сондай-ақ, ғалымның ғылымдағы шәкірттері қатысады. Іс-шарада Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихы археологиялық деректер негізінде талқыланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы