Жолдарды жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингін жасау жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан автожол жобалары бойынша техникалық қадағалау қызметі туралы кеңес өтті.
Талқылауға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК өкілдері қатысты.
Кездесу барысында техникалық қадағалау қызметін бағалау жүйесін әзірлеу ұсынылды. Бұл рейтинг жоба бойынша сапалы жұмыс жүргізуге техникалық қадағалауды жүзеге асыратын инженерлердің қызығушылығын арттырмақ.
Сонымен қатар техникалық қадағалауды дербес жауапкершілікке тарту тетігі бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде мердігер ұйымдарды ғана емес, техникалық қадағалаудың инженерлік компанияларын да, кепілдік кезеңінде ортақ жауапкершілікті бекіту бөлігінде Қазақстан заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсынысқа бастамашылық ету мәселесі көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, техникалыққадағалау автомобиль жолдарыныңқұрылысымен жөнделуіне бақылау жасайды, сондай-ақ техникалық құрылғылардың көмегімен жолтөсемін орнату технологиясының сақталуын бақылайды.