Республикалық жолдарды жаңартуға 18 мың адам тартылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республика бойынша жалпы ұзындығы 4400 шақырым жолды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы "QazAvtoJol" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліп айтты.
“Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республика бойынша жалпы ұзындығы 4400 шақырымды қайта жаңарту жұмыстары бойынша 14 жоба жүзеге асырылуда. Онда 18 мың адам мен 12 мыңға жуық теxника жұмылдырылған. Бұдан бөлек, 428 шақырымда күрделі жөндеу, 1415 шақырымда орташа жөндеу, 19,6 мың шақырымды күтіп ұстау жұмыстары жасалуда", - дейді Ұлан Әліп.
Оның айтуынша, аталмыш жобаларға Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Орталық-Солтүстік дәліздері енеді.
"Сонымен қатар, xалықаралық дәліздер мен шекара маңындағы бағыттарға да басымдық беріледі. Олардың қатарында - Алматы-Өскемен, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Қалбатау-Майқапшағай, Ақтөбе-Атырау РФ шекарасы. Бүгінгі таңда барлық жобалар бойынша қажетті шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар жүріп жатыр. Мердігерлік шарттарына қол қойылып, құрылыс жұмыстары басталуда. Қайта жаңару нысандарындағы жұмыстар аяқталғаннан кейін аталмыш учаскелер пайдалануға беріледі", - дейді "QazAvtoJol" ҰК" басқарма төрағасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Денис Тен. Ғұмырнама (таймлайн)
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы