Жолдама жоқ: Азамат Дәулетбеков лицензиялық турнирде ұтылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгарияның София қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков жеңіліс тапты деп хабарлайды Olympic.kz. 

86 келі салмақта белдескен Дәулетбеков ширек финалда әзірбайжандық Абубакир Абакаровқа жол берді. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды, алайда, әдіс сапасына байланысты жеңіс қарсыласқа берілді.  

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан командасы аталған салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындарына жолдама алған жоқ. 

2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде Әділет Дәулембаев, биыл Алматыда өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде Азамат Дәулетбеков лицензияға қол жеткізе алмаған еді.  

Соңғы іріктеу турниріне де бапкерлер Азамат Дәулетбековті апарды. Алайда, ол ширек финалда есе жіберді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы