Жолдағы жауапкершілік: Автобус жүргізушісінің бір күні

Қала көшелеріндегі автобустар – тек жолаушылар тасымалдайтын көліктер ғана емес, үлкен мегаполистің ажырамас бөлшегі. Таңның атысынан кештің батысына дейін тоқтамайтын бұл көліктердің тізгінінде нағыз еңбек адамдары – автобус жүргізушілері отырады. Олардың жұмысы сырт көзге қарапайым көрінгенімен, шын мәнінде үлкен жауапкершілікті, төзімділікті және кәсіби шеберлікті талап етеді. BAQ.KZ тілшісі автобус жүргізушісі Марат Мәдениетұлының бір күндік жұмысымен танысты.

Жүргізуші боламын деген бала кездегі арман болды. Автобус жүргіземін деп әскерде жүргенде шешім қабылдадым. Сөйтіп әскерден келген соң күндіз жұмыс істедім, кешке оқыдым, - дейді Марат Мәдениетұлы.

Автобус жүргізушісінің күні өте ерте басталады. Ол жұмысқа келісімен алдымен көлігін мұқият тексеріп, техникалық жағдайына көз жеткізеді.

Таңғы сағат 04:00-де жұмыс басталады. Кейде одан да ерте басталатын графиктер болады. Жұмысқа арнайы автобуспен кейде жеке көліктермен келеміз. Автобусқа жанармай құямыз, тексереміз. Өзіміз арнайы медициналық тексеруден өтеміз. Бір автобуста екі кісі ауысып, кезекпен жұмыс істейміз, - дейді ол.

Автобустың ақаусыз болуы онда отырған жолаушылардың қауіпсіздігімен тікелей байланысты.

Материалдың толық нұсқасын видеодан көре аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы