Кеше 2026, 22:53 Фото: Скриншот

Жолдағы жанжал: Екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Полиция құқық бұзушылықтың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын ескертеді.

Абай облысында жол үстінде жанжалдасқан екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«102» арнасына жол үстіндегі жанжал туралы хабарлама түскеннен кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Полицейлер жанжалға қатысушылардың барлығын анықтап, ұстап, жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеді. Алдын ала мәліметке сәйкес, 41 жастағы жүргізуші мен оның 70 жастағы жолаушысы жол қозғалысының басқа қатысушысын өзге адаммен шатастырып алған. Соның салдарынан олардың арасында жанжал туындаған. 37 жастағы ер адамның ұлдары әкесінің қауіпсіздігіне алаңдап, полицияға жүгінген, - делінген хабарламада.

Жәбірленуші тарап арыздан бас тартқанына қарамастан, Nissan Pajero автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жол қозғалысы қағидаларын және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар сотқа жолданды.

Полиция құқық бұзушылықтың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын ескертеді.