+12

Жолда қалып қойған 41 жолаушыға көмек көрсетілді

ТЖМ құтқарушылары 41 жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, түнде "Алматы-Ташкент" тас жолында жолаушылар автобусы бұзылып, Жамбыл облысы Жуалы ауданында тұрып қалды.

ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жақын маңдағы Шақпақ ата ауылының жылыту пунктіне 41 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Көпшілігі Ресей азаматтары болып табылатын жолаушылар осы сәтте басқа автобуспен жолын жалғастыруда. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес еді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы