Жолда қалған 24 шетел азаматы құтқарылды
ТЖМ құтқарушылары 24 шетел азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Қостанай облысының 112 пультіне Қамысты ауданының Адаевка ауылынан 30 шақырым жерде жолаушылары бар микроавтобус істен шығуына байланысты тоқтап, қозғалысты жалғастыра алмайтынын туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына дереу жолданған ТЖМ құтқарушылары 24 адамды, оның ішінде 4 баланы жақын жылыту пунктіне эвакуциялады. Құтқарылғандар Өзбекістан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының азаматтары екені анықталды, - делінген хабарламада.
Бұған қоса көлік құралы да елді мекенге сүйретіліп әкелінді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде полиция автокөлігі КамАЗ-бен соқтығысты
Келесі жаңалық
Сенат төрағасы Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Өзгелердің жаңалығы