Жолда қалған 21 адам құтқарылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданы "Б. Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған" автожолының Құренбел ауылының маңында, сондай-ақ Ертай ауылының жанында 5 жеңіл көлік қар құрсауында қалып койды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Көлік ішінде 21 адам, оның ішінде 3 бала болды. 

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жол талғамайтын көлікпен жедел келіп, құтқарылғандарды Күреңбел ауылына эвакуациялады. Медициналық көмекке олар мұқтаж болған жоқ. 

Дауылды ескертулер туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмаңыз және алыс жолға шығар алдында барлық қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар, - деп жазады ТЖМ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы