16 Желтоқсан 2024 2024, 06:32 Фото: видеодан кадр

Жолда қалған 15 жолаушы құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары 15 жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары 15 жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Түнде "Алматы-Түркістан" тас жолында жолаушылар автобусы бұзылып, Жамбыл облысы Аса ауылы ауданында тұрып қалды.

ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жақын маңдағы жылыту пунктіне 15 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.