Нұр-Сұлтанда «Жолда қабылдау» акциясы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 және 20 шілдеде әкімшілік, жергілікті және көші-қон қызметтерінің полицейлері азаматтарды қабылдайды. Бұл туралы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«Қала тұрғындары мен қонақтардың назарына! Нұр-Сұлтан қаласында республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі. 19 және 20 шілде айында сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін әкімшілік, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің полиция қызметкерлері азаматтарды қабылдайды. Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлеріне құқықтық көмек алуға, қоғамдық және жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамаларын ұстану және т.б. сұрақтармен жүгіне алады», - делінген ведомство хабарламасында.
«Жедел желі» телефондары арқылы қосымша ақпарат алуға болады: 8(7172) 71-69-77, ұялы телефон: 8-776-197-23-48.
Іс-шара қаланың келесі жерлерінде өтеді:
- «MEGA Silk Way» сауда-ойын сауық кешені (Ақмешіт к-сі, 55/23);
- Мамандандырылған ХҚКО (20-40 көшесі);
- «Рахмет» СОСО (Б. Момышұлы даңғылы, 10);
- «Алатау» СК (пр. Тауелсиздик, 1/1).