Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Алматы-Екатеринбург" автожолында 52 жолаушысы бар автобус жолда сынып, көмекке медицина және полиция қызметкерлері жетті деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусымда сағат 15.50-де "112" нөміріне Мойынқұм ауданы "Алматы-Екатеринбург" автожолының 418 шақырымында  "Шымкент – Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша келе жатқан Setra маркалы жолаушылар автобусы сынғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Автобус салонында 52 жолаушы, оның ішінде екі бала болды. Барлығы Қазақстан азаматтары. Оқиға орнына "Шығанақ" күрең жолдық-медициналық құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы, Мойынқұм ауданының ТЖБ қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі жіберілді. Мойынқұм ауданының ТЖБ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауызсу тасымалдауды ұйымдастырды.
ЖПҚ қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласына 27 жолаушыны, оның ішінде екі баланы жолай көлігімен жіберді. "Шығанақ" КМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы автобус жолаушыларына медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 19 сағат 50 минутта қосалқы шиналарды жеткізгеннен кейін автобус қалған 25 жолаушысымен бағытталған пунктіне кетті, - делінген ақпаратта.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы