"Жолда қабылдау" акциясы жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша "Жолда қабылдау" кең ауқымды акциясы жалғасуда, оның кезекті кезеңі 17-18 шілде өтеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы шілденің 17 мен 18-і күндері сағат 09.00 ден 19.00-ге дейін Ақтөбе облысы Полиция департаментінің "жедел желі" 8 (7132) 936-139 телефоны жұмыс істейтін болады.

Аталған акция аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасын сақтау, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін, төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мәселелері бойынша түсініктемелер мен кеңестер беріледі.

Сондай-ақ, акцияны өткізу барысында әлеуметтік желілерде онлайн қарым-қатынас жасау негізінде Ақтөбе облысы ПД “Policeaktobe” ресми парақшасында тікелей эфир түсірілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы