Жолаушының сomfortы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы-Талдықорған тасжолының 20-шы шақырымында жол бойындағы қызмет көрсетудің заманауи COMPASS Comfort кешені ашылды. Бұл елдегі көлік инфрақұрылымын жақсартуға және осы саладағы қызмет көрсету деңгейін әлемдік стандарттарға жақындатуға мүмкіндік беретін жоспарлы 35 кешеннің алғашқысы.

Қазақстанда теңдесі жоқ жол бойындағы кешен ауданы екі гектардан асатын жер учаскесінде орналасқан. Оның аумағында 14 автокөлікке және 2 электромобильге арналған жанармай бекеті, сондай-ақ жүк көліктерге арналған тұрақ бар. Ғимараттың ауданы 1000 шаршы метрді құрайды. Саяхатшылар үшін асхана, жеңіл тағамдар мен кофенің кең таңдауы бар экспресс-кафе жұмыс істейді. Бұдан бөлек, кешенде намаз оқуға арналған намазхана да бар. COMPASS Comfort кешені мүгедектерге арналған санитарлық аймақтарды қоса, көп орындық дәретханалармен және душ бөлмелерімен жабдықталған.

Кешеннің ерекшелігі - оның аумағында саяхатшыларға арналған қызметтердің толық спектрі ұсынылады. Автокөлікке жанармай құю мен жайлы дәретханалардан бастап, тамақ және гигиена өнімдерін, автокөлік тауарлары мен жолда қажет болатын кешенді тағамдарды сатуға дейін ұсынылады. Кешеннің аумағында қонақтар шамамен 40-тан 60 минутқа дейін болады деп болжануда. Осы уақттың ішінде жайлы жағдайда тынығып, жаңа күшпен жолға шыға алады.

Ranking.kz мәліметтері бойынша былтыр Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінің (ЖҚБ), газ құю бекеттерінің (ГҚБ) және автомобиль газын құю компрессорлық станциясының (АГҚКС) жалпы саны 5296 бірлікке жетті. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4,8% артық. Алайда, олардың қатарында автомобиль саяхатшыларына сапалы қызметтердің толық спектрін ұсынатын үлкен кешендер жоқ. Сондықтан COMPASS Comfort жол бойындағы кешенінің ашылуы осы саланың дамуындағы өзіндік жаңалық болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақстан Республикасында жол бойындағы сервистік желіні дамыту тапсырмасына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ және «Compass»  желілік жанармай құю станциялары компаниясы арасында жол бойындағы қызметті дамытудағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Оның аясында 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 35 заманауи кешен тұрғызу көзделген.  Аталған нысандарда жанармай құю бекеттері, жүк көліктері мен автобустарға арналған кең тұрақтар, кем дегенде 80 орындық фуд-корттар болмақ. Сондай-ақ, тауарлар мен автомобиль аксессуарларының үлкен таңдауы болатын экспресс-дүкендер жұмыс істейтін болады.  Жоба 4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтымақ. Ал инвестициялардың көлемі 30 млрд теңгені құрайды.

Бұл кешеннің ашылуы – елімізде халықаралық стандарттарға жол бойындағы қызмет инфрақұрылымын дамыту жолындағы маңызды қадам. Әзірге еліміздегі алғашқы көпфункционалды кешен болып отыр. Келешекте де қазақстандықтарға дәп осындай пішінде, яғни сапалы және жайлы қызмет көрсететін нысандар көбееді деп үміттенеміз, - деді Kusto Group директорлар кеңесінің мүшесі Оразхан Қайыржанұлы Қарсыбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы