Ақтөбедегі жолаушының неден қайтыс болғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасына бара жатқан автобусында 1956 жылғы Тәжікстан азаматының неден қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


05 қарашада сағат 06:40-та Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасына бара жатқан автобусында 1956 жылғы Тәжікстан азаматының мәйіті табылған болатын. Мәйіт сараптама жүргізу үшін Хромтау Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Сараптамаға сәйкес, ол жүрек ауруынан көз жұмған. Зорлық-зомбылық және үсік іздері табылған жоқ, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде қар құрсауында қалған бір адам қайтыс болғандығы туралы жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы