Жолаушының 6 млн теңгеден астам жоғалған қаржысы қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері жолаушының жалпы сомасы 6 млн теңгеден асатын жоғалтқан қаражаттарын тауып, иесіне қайтарды.

7 желтоқсанда Қ.Нұралы есімді азамат «Алматы–Нұр-Сұлтан» бағытымен ұшу үшін Алматы қаласының әуежайында тексеруден өткен. Оның сырт киімінің ішкі қалтасында 740 000 теңге және 1 600 АҚШ доллар сомасында ақша қаражаты болған. Бірақ Қ.Нұралы ақшасының жоғалғандығын әуе кемесінің бортында отырғанда бірақ білген. Елорда әуежайына ұшып келген соң, ол бірден Нұр-сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне ірі көлемдегі ақшасының жоғалғаны туралы өтініш білдірді. ЖПб қызметкерлері бұл туралы дереу Алматы қаласындағы әріптестеріне хабарлады, - делінген хабарламада.

Алматы қаласы әуежайындағы көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, нәтижесінде ұшу алдындағы тексеру пунктінің жанынан жоғалған ақшаны тауып алған. Ақша заңды иесіне қайтарылды. 

Өз кезегінде елорда тұрғыны Қ.Нұралы жоғалған ақшасын өзіне қайтарған полицейлерге алғысын білдірді. 

Көліктегі ПД басшылығы қызметтік міндеттерін үздік атқарған полицейлерді марапаттауды жоспарлап отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 27 қарашасы мен 2 желтоқсанында көлік полицейлері Ресей Федерациясының азаматы М.Сухомлиновқа және Жулановтар отбасына жоғалған құжаттарын және 5 млн теңгеден астам ақша қаражаттарын тауып, қайтарып берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы