Жолаушылардың құқығын бұзған авиакомпаниялар 8 рет жауапкершілікке тартылды
Рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін авиакомпаниялар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта Азаматтық авиация комитеті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.А. Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жұмыс барысында 2022 жылғы 16 шілдеде "Эйр Астана" әуекомпаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша КС-853 рейсі резервтік ұшу экипажын күту себебінен 27 сағат 21 минутқа кешіктірілгені анықталды. Рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға қолданыстағы заңнамада қарастырылған қызметтер ұсынылмады, атап айтқанда қонақ үйде тұру, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты 6 қыркүйекте "Эйр Астана" әуекомпанияларына қатысты рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл салынды). Осылайша, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясына (құрылымдық бөлімшесі "Fly Arystan" әуекомпаниясы болып табылады) қатысты жалпы сомасы 7 000 АЕК (21 441 000 тг) жеті айыппұл салынды.
Аталған кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар сегіз рет 8 000 АЕК (24 504 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жолаушылар құқықтарын сақтау бөлігіндегі талаптарын ұстанады және тасымалдаушылар тарапынан қайталап бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, көзделген