Жолаушылардың 82%-дан астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Украина, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2 734  жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 253 адам, анықтамасыз 481 адам - ҚР азаматты келді, - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 639 жолаушы, анықтамамен - 1 402, анықтамасыз - 237;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 059 жолаушы, анықтамамен - 815; анықтамасыз - 244;
Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 30 жолаушы анықтамамен келген.
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 

Бір күн бұрын, 12 желтоқсанда анықтамасыз келген 243 адамның ПТР сынамалары теріс нәтиже көрсетті.





Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы