«Жолаушылар тасымалы» АҚ жүк тасымалы қызметін ұсынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сай жолаушылар пойыздарында тегін қол жүгін тасымалдаудың нормалары бекітілген.
Тұлпар Тальго вагондарында 25 келіден аспайтын және үш өлшем бойынша (биіктігі, ені, ұзындығы) 150 см дейін болатын жүк тасымалдауға рұқсат берілген. Стандартты вагондарда жолаушыларға салмағы 35 келіге дейін үш өлшемі 200 сантиметрге дейін жүкті тасымалдауға болады.
Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушы жүк тасымалдау қызметін 12 бағытта ұсынады. Ол - №379/380 «Алматы-Орал», №377/378 «Алматы-Маңғышлақ», № 31/32 «Павлодар-Алматы», №303/304 «Қостанай-Алматы», №673/674 «Павлодар-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол», №23/24 «Ақтөбе-Алматы», №33/34 «Ақтөбе-Алматы», №41/42 «Алматы-1-Атырау», №309/310 «Ақтөбе-Маңғышлақ», №691/692 «Ақтөбе-Атырау», №47/48 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол -Атырау», №393/394 «Алматы-Алтынкөл»).
Үлкен қалаларда жолаушыларға қолайлы болу үшін Компанияға тиесілі 30 жүк тасымалдау объектісі - 16 бөлімше мен 14 қабылдау орталығы орналасқан. Олар Алматы-1, Алматы-2, Шу, Луговая, Жамбыл, Шымкент, Түркестан, Семей, Ақтөбе, Қандыағаш, Шалқар, Маңғышлақ, Шетпе, Бейнеу, Орал, Құлсары, Атырау, Мақат, Қызылорда, Арал теңізі, Қазалы, Төретам, Сексеул, Нұр-Сұлтан-1, Көкшетау, Курорт-Борабай, Қостанай, Тобыл, Қарағанды и Павлодар станцияларында.
Шамадан тыс қол жүгі немесе ауыр жүкті рәсімдеу үшін жолаушылар пойыздың жөнелтілуіне 1 сағат қалғанға дейін жүк бөлімшелеріне жүгінуі керек.
Сонымен қатар бандероль, кіші қорабтар мен басқа жүкті теміржол арқылы жіберетін болсаңыз «Қазпочта» АҚ-ның көптеген филиалдарына хабарласуға болады.
Алайда, ескеріп өтейік, аталмыш жүкті жолсеріктер арқылы тасымалдау заңсыз деп есептеледі. Сонымен қатар, Компания бұндай жолмен жіберілген жүкке жауап бермейді. Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік әкімшілік жазаға тартылады. Онымен тіпті еңбек-келісім шарты да бұзылуы мүмкін.
Егер сіз заңсыз рәсімделген жүк тасымалына куә болсаңыз – міндетті түрде фотобейне түсіріп (пойыз және вагон нөмірі) Компания Бас директорының блогына жіберулерінізге болады.