Жолаушылар пойыздарына жолсеріктер жұмысқа қабылданады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты 200-ден астам жолсерікті жұмысқа қабылдайтынын хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты 200-ден астам жолсерікті жұмысқа қабылдайтынын хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінге, компанияның Батыс, Солтүстік, Оңтүстік өңірлерінде, сонымен қатар Экспресс және Қала маңы тасымалдары бойынша филиалдары бар. Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз бригадаларында 4 800 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 184 пойыз бастығы және 4 616 жолсерік бар.
Қызығушылық білдірген үміткерлер job.railways.kz, qsamruk.kz, hh.kz сайттары арқылы бос жұмыс орындарына өтінім жолдай алады, делінген ақпаратта.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• Жасы 18 жастан жоғары;
•Орта немесе жоғары техникалық білім, әсіресе көлік саласына қатысты мамандықтар бойынша;
•Теміржол саласында жолсерік қызметі бойынша курстарды тәмамдағаны туралы куәлік;
• Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі.
Егер үміткерлер саны жеткіліксіз болса, компания тиісті сертификаттары мен дағдылары бар, бірақ басқа салада білім алған адамдарға да қатысу мүмкіндігін ұсынады.
Іріктеу үдерісі бірнеше кезеңнен тұрады: тестілеу, кәсіби білімді тексеру, сұхбат, сондай-ақ, стресске төзімділік пен коммуникациялық дағдыларды бағалау. Компания іріктеу үдерісінің ашықтығына кепілдік береді. Іріктеу барысында кәсіподақ пен кадр қызметінің өкілдері қатысып, үміткерлерді жан-жақты бағалайды.
- Қазақстан мен Өзбекстан транзитті жеңілдетуге келісті 19:00
- Жасөспірімге тағайындалған бір жылдық түрме жазасы қоғамдық жұмысқа ауыстырылды 18:36
- Президент БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады 18:20
- Ақтауда балалар жолақысын қымбат төлеп келген: Прокуратура араласты 18:07
- Алматы тауларындағы әлемдік деңгейдегі курорт: Не салу керек, нені сақтау қажет? 17:50
- 2026 жылы Қазақстанда АӘК тағайындау тәртібі қалай өзгерді және әдістеме қалай жұмыс істейді? 17:30
- Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті: Қай салалар көш бастап тұр? 17:21