Жолаушылар пойыздарын тексеруде 284 келісім міндеттемелерін бұзушылық анықталды
Көлік министрлігі темір жолдар және су көлігі комитетінің қызметкерлері жолаушыларды тасымалдау қағидалары нормаларын сақтау бойынша әлеуметтік маңызы бар бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойыздарын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, комитет қызметкерлері Астана-Алматы, Қызылорда-Петропавл, Астана-Шымкент, Қызылорда-Павлодар, Қызылорда-Көкшетау, Алматы-Жезқазған, Алматы-Саратов және т.б. әлеуметтік маңыздағы 20-дан астам жолаушылар пойызын тексерді.
Тексеріс барысында 284 келісім міндеттемелерін бұзушылық анықталды. Оның ішінде жолаушылар вагондарының ішкі және сыртқы келбетінің нормаға сай келмеуі, вагондарда кондиционерлердің болмауы және ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасамау, санитарлық-техникалық жағдайдың сақталмауы және т.б. фактілері тіркелді.
Айыппұлдардың жалпы құны 10 млн теңгеден асты. Айыппұлдар Ұлттық тасымалдаушыға да, жеке тасымалдаушыларға да салынады. Тасымалдаушыларға 10 күн ішінде анықталған келісім міндеттемелерін бұзушылықтарды жою және оларды одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Айта кетейік, елімізде 110 тұрақты әлеуметтік маңызы бар бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Жаздың соңына дейін комитет қызметкерлері қалған жолаушылар пойыздарын кестеге сәйкес тексереді