Жолаушы такси жүргізушісінің телефонын ұрлап кеткен

Полицияға телефоны ұрланғаны жөнінде такси жүргізушісі шағымданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, такси жүргізушісінің айтуынша, жолаушы жолдан оны тоқтатып, белгіленген жерге апарып салуын өтінген. Кейін көліктің салонында екі орындықтың ортасындағы тіректе тұрған телефонды ұрлап, көліктен түсіп кеткен. Жүргізуші сәл уақыттан соң телефонының жоғалғанын байқап, полицияға хабарласады. Осылайша, жәбірленушіні 280 мың теңгеден аса шығынға әкелді.

Жедел-іздестіру шараларының негізінде Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 38 жастағы күдіктіні анықтап, үйінен ұстайды. Күдікті ұялы телефонды иесіне қайтарып берді. Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылды. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс тіркелді, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Астанақаласының Полиция департаментіазаматтарға өз мүліктерінің сақталуына қырағыболуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы