Әуе рейстеріндегі әрбір жолаушы міндетті термометриядан өтеді – көліктегі бас санитар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 20 маусымнан бастап елімізде халықаралық әуе рейстері қайта жанданған болатын. Осыған орай Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов тиісті санитарлық талаптар мен шектеулерге қатысты пікір білдірген еді.
Бүгінде елімізде халықаралық әуе рейстері қайта ашыла бастады. Бірінші категориядағы елдер қатарына Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия, ҚХР жатады. Бұл елдерге деген ешқандай шектеу жоқ. Тек әуежайда термометрия жасалып, сауалнама алынады. Екінші категорияда Түркия елі тұр. Мұнда Түркияға келіп жатқан жолаушыларға қойылатын қосымша талаптар бар. Яғни, COVID-ке қарсы анықтама болуы керек. Егер ол болмаса, онда жолаушыға әуежайдағы карантин пунктінің мамандары 48 сағаттың ішінде ПТР тесттен өтуі керектігі жөнінде ескерту парақшасын береді. Үшінші категорияда жиі әуе рейстеріне тыйым салынған елдер. Яғни, не бірінші, не екінші категорияға кірмейтін елдер жатады, - деді ол.
Сәдуақас Байғабылов 20 маусымнан бері Қазақстан және Түркия арасында 6 әуе рейсі жасалғанын айтты.
Осы үш күн ішінде екі ел арасында 905 жолаушы қатынады. 203 жолаушыда COVID-ке қарсы анықтама болды. Қалғандарына ПТР тесттен өтуі керектігі жөнінде ескерту парақшалары таратылды. Жолаушылар арасында дене қызуы жоғары болғандар тіркелмеді. Баса назар салып айтатын дүние – елімізге келіп жатқан барлық жолаушы міндетті түрде термометриядан өтіп, сауалнама толтырады, - деді ол.
Дәрігердің айтуынша, қазіргі таңда, тек Түркия еліне ғана халықаралық әуе рейсі жасалуда. Бірінші категориядағы елдерге бағытталған әуе рейстері әуе компанияларының дайындығына байланысты кезең-кезеңмен қайта жанданатын болады. Мысалы, Грузияға бағытталған әуе рейсі шілде айының басынан басталуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы