Жолақы төлемеген бала үшін ата-анасы сұралады – маман

Жаңа заң жобасында қоғамдық көліктен 16 жасқа дейінгі балаларды мәжбүрлеп шығарып жібергені үшін жауапкершілік қарастырылуда. ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев аталмыш норма туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл норма кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне бағытталған. Менің ойымша бұл билетсіз жүретін жолаушылардың ұлғаюына жол бермейді. Осындай жағдайдарда жүргізуші балаларды көліктен мәжбүрлеп шығара алмағынымен, полиция органдарын, қамқоршылық-қорғаншылық органдарын шақырып, себеп-салдарын анықтай алады,-дейді Шыңғыс Амангелдіұлы.

Сондай-ақ спикер сөзінше егер зерделеу барысында ата-ана кедергісіз қоғамда жүруін қамтамасыз етпесе, тәрбилеу міндетін дұрыс орындамауы анықталса ата-ананың да жауаптылығы қарастырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы