Жол тайғақ. Қарағанды облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты

Астана, BAQ.KZ. «Қарағанды-Атасу» тасжолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

17 ақпанда сағат 17.00 шамасында «Қарағанды-Атасу» тасжолында Ақой кентінен 15 шақырым қашықтықта Қарағанды қаласына қарай бағыт алып келе жатқан 35 жастағы «Ауди -100» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша жолдың тайғақтығынан көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бағытына шығып, 37 жастағы тұрғынның басқаруындағы «Мазда» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы барысында «Ауди-100» автокөлігінің төрт жолаушысы алған дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмса, «Мазда» автокөлігінің жүргізушісімен екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы